Оқиға • 07 Ақпан, 2023

Түркістан облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында орын алған жол көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Бүгін Шымкент-Самара тас жолының 56 шақырымында Mercedes Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Өзбекстан азаматының Кia Carnival көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes Benz көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, жүргізушісі ауруханаға түскен.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады», деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше