Оқиға • 10 Ақпан, 2023

Үш жыл бұрын жоғалған СҚО тұрғыны табылды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үш жылға созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ақмола облысынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш жыл бұрын жоғалған СҚО тұрғыны табылды

2020 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Александр Смирнов аман-есен табылды. 6 ақпан күні ер адамның Ақмола облысы Біржан сал ауданында тұрақтағаны белгілі болды.

«Ер адамның ұзақ уақыт бойы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істегені, оған қатысты ешқандай күш қолданбағаны анықталды», деп жазылған хабарламада.

Смирнов өз еркімен туыстарымен байланысқа шықпаған. Сонымен қатар ер адам оны сонша көп адам іздеп жүргенін білмеген.

Қазіргі уақытта ер адам Петропавлға барып, отбасымен кездесуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше