Бұл туралы медицина қызметкерлерін кәсіби төл мерекесімен құттықтау салтанатында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.
Шаһар басшысы жуырда бұл мәселенің қалалық мәслихатта қарастырылып, алдын ала Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековамен кеңескенін жеткізе келе, денсаулық сақтау жүйесінде тер төгіп жүрген салалық мамандар мен жас мамандарды қолдауға 630 млн. теңге бөлуді жөн деп шешкенін, ал қалған 370 млн. теңге Алғабас ауылында медициналық қызметкерлерге арнап салынатын жатақхана құрылысына жұмсалатынын, сондай-ақ, Әуезов ауданында «Жетісу-3» тұрғын үйінен аумағы 4,7 мың шаршы метрлік емхана ашылатынынан хабардар етті. Алматыда 30 мыңға тарта дәрігерлер еңбек етуде. Бұл дегеніңіз – еліміздегі әрбір 5-ші дәрігер, әр 11-ші медбике Алматыда жұмыс істеп жатыр деген сөз. Қалада соңғы 4 жылда 15 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды. 2012 жылдан бастап қаржыландыру көлемі 20 пайызға, 57 млрд. теңгеге артты», – деді А.Есімов.
Салтанатты жиында Алматы қаласында жылдың үздік дәрігерінің есімі мәлім болды. Бұл мәртебеге №5 қалалық клиникалық ауруханасының бет-жақ хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Амангелді Сейітқұлов лайық деп табылса, қалалық онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Оксана Шатковская «Үздік менеджер», «Zdrav-Expert» тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының сарапшы дәрігері Бибіжан Есберген «Жылдың үздік сарапшысы», Орталық клиникалық аурухананың дәріхана меңгерушісі Татьяна Тасмағанбетова «Жылдың үздік провизоры», ал, №7 қалалық клиникалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Владимир Мутагиров «Жыл жаңалығы», №6 қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі Айна Қасымбекова «Үздік мейіргер» аталымдары бойынша үздік атанды. Сонымен қатар, Алматыда медициналық қызметкерлер күніне орай өткізілген шарада үздік медициналық қызметкерлерді «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапаттады.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
• 19 Маусым, 2014
Алматылық дәрігерлерге қосымша 1 млрд. теңге бөлінбек

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше