Қаржы полициясы органдарының құрылған күніне орай Талдықорғандағы Мәңгілік алаудың алдында Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаменті қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Мәдениет сарайында жалғасқан мерекелік шараны департамент бастығы, қаржы полициясының полковнигі Талғат Садуақасов ашып, әріптестерін төл мерекесімен құттықтады.
Өңірдегі елеулі шараға арнайы келіп қатысқан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет атанған шақта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қоғамның қай саласында болсын түбегейлі өзгерістер енгізу мен жаңа жүйе құру міндетін қойғаны мәлім. Оның нәтижесі өтпелі кезеңде көрінді. Нақтылай түссек, ел экономикасының тұралаған шағында өзге салалар секілді қаржы полициясы органдары да халық тұрмысының түзелуіне, мемлекет қазынасының тұрғындар мүддесіне жұмсалуына қырағылықпен атсалысты. Сөйтіп, ел еңсесі тіктеліп, әлеуметтің ахуалы жақсарды» деді облыс әкімі.
Мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековтің арнаулы бұйрығымен аталған департаменттің қызметкерлері қызметтегі табыстары үшін «Қазақстан Республикасы қаржы полициясына 20 жыл» төсбелгісімен, алғыс хатымен, грамотамен барлығы 53 қызметкер марапатталса, Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов 6 жеңіл автокөліктің кілтін тапсырды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше