
Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
Болжам бойынша минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтуге тырысқан.
Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.