Кездесу шеңберінде тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің ақпарат саласындағы ынтымақтастығының көкейкесті мәселелерін талқылады.
Б.Майлыбаев ТМД Ақпарат кеңесі мен ТМД-ға мүше елдердің Ұлттық ақпарат агенттіктері қауымдастығының ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастырудағы үлесін атап өтті.
Әңгіме барысында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы тарихи рөлін атап көрсетіп, оның даму перспективаларын болашақта қалай көретінімен бөлісті.
Б.Майлыбаев мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшыларының сұрақтарына жауап берді. Бұл орайда, этносаралық үнқатысудың тамаша үлгісі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның символы – Астананың даму кезеңдері туралы сұрақтар да қойылып, оларға да жан-жақты жауаптар қайтарылды.
Ұлттық ақпарат агенттіктері қауымдастығы 2004 жылы Ақпарат кеңесінің шешімімен құрылған халықаралық ұйым болып табылады. Оны құрудағы мақсат – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қауымдастық құрамына Әзербайжанның Азертадж, Арменияның АрменПресс, Беларусьтің БелТА, Қазақстанның ҚазАқпарат ХАА, Қырғызстанның Кабар, Молдованың МолдПрес, Ресейдің ИТАР-ТАСС, Тәжікстанның Ховар ұлттық ақпарат агенттіктері кіреді.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше