АСТАНА. 25 маусым. Инвестициялық жобаларды іске асыру ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар өнімдердің импортын төмендетуге мүмкіндік береді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дулат Айтжанов осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Дулат Айтжановтың айтуынша, бүгінде холдингтің инвестициялық портфелінде жалпы құны 263 млрд. теңге болатын 417 жоба бар. Ал жалпы құны 198 млрд. теңгені құрайтын 310 жоба пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде 11 мың жұмыс орны құрылған. Биыл тағы да 68 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалардың 20-сы 1-ші жартыжылдықта іске кіріскен.
Дулат Айтжанов: ««ҚазАгроның» 1 жобаcының өзі толықтай іске асса тауық еті импортының көлемі 20 пайызға, сүт және сүт өнімдері импорты 6 пайызға, жеміс-жидек өнімдерінің импорты 4 пайызға төмендейтін болады», – деді.
Бұдан бөлек, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы 2020 жылға дейін сыйымдылығы 1404,5 мың тоннаға жететін астық сақтайтын орын салу көзделіп отырғанын, сондай-ақ, биылғы жылы 2000 тонна ет пен ет өнімдерін, 375 тонна жүн мен жүннен жасалған бұйымдарды экспорттау жоспарда бар екенін жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: Strategy2050.kz.
• 25 Маусым, 2014
Тиімді жобалар бірақатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын азайтады

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10