Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық сынына дайындық мәселесі хабарланды.
Кездесуде «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев биыл төртінші рет шымылдығын түретін турнирдің жаңалығы көп екенін, төрешілер мен балуандар саны қысқарғанын, осының бәрі төл күресіміздің сапасын арттыру мақсатында жасалғанын атап өтті. «Биылғы турнирден бес балуан шеттетілді. Егер қатысушы допинг-бақылаудан өте алмаса немесе турнир ережесін бұзса, жарыстан аластатылады», деді ол. Сонымен бірге, ол төрешілердің де турнирге іріктеуден өткенін айтты. «Жақында біз 12-15 адамды қысқарттық. Биыл былтырғыдай қазылар алқасы деген болмайды. Осының бәрі финалдың әділ өтуі үшін жасалды», деді А.Шораев. Жалпы, жоба авторы биылғы жарыстың қызықты және тартысты өтетінін, оған 28 балуанның қатысатынын атап көрсетті.
– Биылғы турнирдің жеңімпазы бұрынғысынша 150 мың доллар, чемпиондық белбеу мен «Тайтұяқ» олжасын иеленеді. Бұдан басқа, ұлттық бояуға толы доданың жанкүйерлерін көптеген тосын сый күтіп тұр екен. «Қазақстан барысы» турнирінде тұңғыш рет «Боец» телеарнасының бас директоры Сергей Завилейский мен окинавалық шебер, годзю-рюдан 10-шы дан иегері Сэнсей Морио Хигаонна қонақ болады. Турнирдің финалдық сыны тікелей эфирде «KAZsport» және ресейлік «Боец» телеарналарынан көрсетіледі, – деді ол.
Осыдан кейін Спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек мемлекет тарапынан қазақ күресін дамытуда жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Кездесуде турнирге арнайы шығарылған «Қазақстан барысы» сүтінің таныстырылымы өтті. Ол Ақмола облысының Садовое елді мекенінде шығарылады. «Бұл - репутациясы жақсы, бейтарап өнім. Қазақстанда өндірілетін сүттің жартысынан көбі ұнтақтан жасалады, яғни олар таза сүт емес, сүтті сусын. Ал бұл өнім – табиғи, нағыз сиырдың сүті», – деді А. Шораев.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37