АҚТАУ. 26 маусым. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында білім беру нысандарының құрылысына бөлінген миллиондаған қаржы жоқ болып шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған жағдаятқа байланысты қаржы полициясы аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкердің және жеке серіктестік өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғады.
Күдіктілер іс жүзінде атқарылмаған жұмыстарды «орындалды» деп, ел қазынасынан бөлінген 38 миллион теңгені жымқырған. Дәлірегі, Басқұдық ауылындағы мектепті салуға қомақты қаржы бөлінгенімен, оның барлығы өз мақсатына жұмсалмаған.
Облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқатай: «Қазір сеніп тапсырылған бюджет қаржысын талан-таражға салды деген шенеуніктердің үстінен Қылмыстық кодекстің 176-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды», – деді.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: «24kz».
• 26 Маусым, 2014
Маңғыстау облысында миллиондаған қаржы қолды болған

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10