Мұнайлы өңір орталығы –Атырау қаласы мен Исатай ауданын басқаруға жаңа әкімдер тағайындалды. Бір ерекшелігі, жаңа қызметтеріне кіріскен әкімнің екеуі де өңір жұртшылығы үшін бейтаныс тұлғалар емес. Мәселен, өңір әкімі Б.Ізмұхамбетовтің өкімімен Атырау қаласының басқару тізгінін Нұрлыбек Ожаев қолына алды. Осы кезге дейін Исатай ауданына бір жылдай басшылық жасаған Н.Ожаевтың мемлекеттік қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар. Бұрын Махамбет ауданының әкімдігінде түрлі лауазымдар атқарып, кейіннен Атырау қалалық және облыстық әкімдіктерде аппарат басшысы ретінде мемлекеттік қызметтің қыр-сырына молынан қаныққан. Ал Исатай ауданының әкімі қызметіне кіріскен Тұрарбек Сұлтанбековтің есімі де, атқарған қызметтері де исатайлық тұрғындарға кеңінен таныс деуге болады. Өйткені, ол еңбек жолын осы ауданда бастағаннан бері түрлі қызметтерде тәжірибе жинақтады. Тіпті, былтырғы маусымның ортасына дейін аталған ауданның болып еді. Содан кейін бір жылға жуық облыстық жер қатынастары басқармасына басшылық еткен Т.Сұлтанбековке өңір әкімі тағы да сенім артып, Исатай ауданын қайта басқаруға жіберді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10