Конференцияны Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми істер жөніндегі проректоры Н.Косов құттықтау сөзбен ашып, қазіргі географияның ғылыми және қолданбалы рөлі туралы айтып өтсе, белгілі ғалым-ұстаз, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Ә.Бейсенова қазіргі географиялық ғылымның даму бағыттары туралы болашақ мамандарға география ғылымының өзекті мәселелерін айқындап берді. Ал конференцияның арнайы қонағы, Германиядағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі болып есептелетін Лейпциг университетінің профессоры Бургхард Мейер қазіргі ландшафтық экологияның қолданбалы қырлары жайлы ой қозғады. Германиялық профессордың ойын Әзербайжан Республикасы география институтының директоры ғалым, профессор Р. Мамадов жалғастырып, қазіргі география ғылымындағы ландшафтық жоспарлау мәселелерінің қорғалатын аумақтарда қолданылу тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстандағы география ғылымының басты орталығы, көшбасшысы болып табылатын география институтының директоры, профессор А.Медеу қазақстандық ғалымдардың географиялық ізденіс жұмыстарына жан-жақты тоқталып, еліміздегі география ғылымының «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағыттарына сәйкес қазіргі даму бағыттары мен жетістіктері кешенді түрде қарастырылды. Сонымен қатар, венгриялық ғалым, профессор Дэвид Лорант экологиялық туризм мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Италиялық профессор Ренато Сала мен оның бельгиялық әріптесі Жан-Марк Деом табиғи ландшафтыларды игерудің археологиялық мәселелерін қарастыратын геоархеологиялық зерттеулерінің қорытындыларын талқыға салды.
Конференция аясында «ҚР жоғары оқу орындарында география, туризм мамандықтары бойынша білім мазмұнын жетілдіру мәселелері» тақырыбы бойынша Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарындағы география және туризм кафедралары меңгерушілерінің дөңгелек үстелі де өте мазмұнды өтті. Онда шетелдік ғалымдар мен түрлі ЖОО кафедра меңгерушілері, білім беру саласында ұзақ уақыт қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі профессорлар көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін айта келе, Елтану және туризм кафедрасы ұсынған География және туризм кафедраларының ассоциациясын құру туралы жобаны бірауыздан қолдады. Дөңгелек үстелге қатысушылар География және туризм кафедраларының ассоциациясын құруды қолдап, география және туризм пәндері оқытушыларының біртұтас ақпараттық кеңістігін құру (сайт, жаңалықтар тарату, электронды және басқа да жарияланымдар, семинарлар мен мастер-кластар өткізу және т.б.), жұмыс берушілердің пікірін тыңдау, мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын ассоциация кеңесінде талқылау жөнінде ұсыныстар жасалды.
Жалпы алғанда, конференция жұмысы географияның іргелі бағыттарын дамытудың өзектілігі мен қолданбалы маңызы артып отырғандығын көрсетті.
Шолпан КӘРІБАЕВА,
Абай атындағы ҚазҰПУ
елтану және туризм кафедрасының доценті.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше