Өнер • 21 Наурыз, 2023

Елордада «Жыршы-термешілер» фестивалі өтті

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы аясында Астанада алғаш рет Халықаралық «Жыршы-термешілер» фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз елінен жыршы-жыраулар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Жыршы-термешілер» фестивалі өтті

Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Алмас Алматов, Айгүл Қосанова, Елмұра Жаңабергенова, мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, мәдениет саласының үздіктері: Елікбай Иса, Фархат Оразов, Қайрат Кәкімов, халық жыршысы Жәнібек Пиязов, Тоғаев Бахшикул (Өзбекстан Республикасы), Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Сыдыков Дөөлөтбек және тағы да басқа өнер майталмандары танымал жыр, терме, толғау, дастандарды орындады.  

«Жыраулық, жыршылық өнер – халқымыздың мыңжылдық мәдени мұрасы. Фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат - атадан балаға мирас болып жеткен ұлттық өнерді дәріптеу, бауырлас түркі халықтарымен мәдени ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Мәдениет және спорт министрлігі жастарды жыраулық өнерге баулып, онымен ғылыми тұрғыда айналысуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын болады», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35