АСТАНА. 1 шілде. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты жүргізіліп жатқан келіссөздер аяқталды. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Аталған мәселе жөнінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов Берлин Еуразиялық клубының 10-шы отырысында: «2012 жылы клубтың 2-ші отырысы аясында біз шараға қатысушыларды Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөздер үдерісі жайында құлағдар еттік. Сол сәттен бастап біз нақты прогреске қол жеткіздік. Екіжақты форматта жүргізілетін тауарлар мен қызметтер нарығына арналған қолжетімділік шарттары бойынша келіссөздердің аяқталғанын атап өтуге болады», – деді.
Тимур Жақсылықовтың айтуынша, тауарлар нарығына қолжетімділік бойынша 30 елмен келіссөз жүргізілген. Бұл келіссөздердің аяқталғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Өткен кезең ішінде еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі жұмыс тобының 18 отырысы ұйымдастырылған. Онда заңнамалардағы өзгерістер, Қазақстанның ішкі коммерциялық және сауда саясатына қатысы бар халықаралық келісімшарттар талқыланған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: nur.kz.
Фото: bsr.org.
• 01 Шілде, 2014
Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер мәресіне жетті

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10