Қоғам • 09 Сәуір, 2023

Абысын тату болса...

794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағайын арасындағы алтын көпірге айналған абысындардың татулығы мен ынтымақ-бірлігі түтіннің түзу шығуына, істің ілгерілеуіне сеп. Сондықтан да халқымызда «Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп» деген даналық бар.

Абысын тату болса...

Осы ұлттық ұстанымы­мызды ұрпағымыздың бойына сіңіріп, салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында Жамбыл ауданы Беріктас ауылында тұратын ақсамайлы әжелердің ұйытқы болуымен өтетін дәстүрлі іс-шара жыл сайын жібін үзбей жалғасып келеді. Осы үрдіске орай, жуырда 160-қа жуық ауылдағы абысындар жиылып, Наурыз мерекесін атап өтті. Беріктас ауылындағы Бекболат бабадан тарайтын жеті тармақтың ұрпағы бүгінде 200-ге жуықтапты. Әулеттің ең үлкен анасы Бейсенкүл мен Бикамал апалар жас келіндерге өмірдегі көрген-білгендері мен ойға түйгендерін айтып, ақыл-кеңестерін берді.

Зерлі кимешегі жарасқан әжелеріміз «Қамажай» биін би­лесе, ізінен ілескен жас келін­дер халық әндерін шырқап, мерекенің сән-салтанатын арттырды. Қазан мен қаламын тең ұстап, қара өлеңге жүйрік өнерлі ке­ліндер жүректен шыққан жыр­ларын оқып, көптің қо­шеметіне бөленді.

– «Абысын асы» осы күні ұмыт бола бастады. Уыста ұс­татпайтын уақыттың тапшы­лығынан бір-бірін айлап емес, жылдап көрмейтін жағдайға жеттік. Қазақта «Бармасаң, кел­ме­сең жат боласың» деп бекер айтпаған. Абысын араласпай, татулығына сызат түссе, ағайын­ның арасы алшақтайды. Бірге туған балалар бір-біріне жатқа айналады. Сондықтан осы бе­реке-бірлігіміздің бастауы бо­лар дәстүрімізді жас келіндер жалғастырады деген үміттеміз, – деген абысындар басқосуының бастамашысы, зейнеткер ұстаз Алтынкүл Қилыбаева ақ батасын берді.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03