Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Алаш арыстарының бірі, жиырма жылға жуық Қазақстан мен Түркістан аймағының қоғамдық-саяси, ғылыми ағартушылық мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған ірі мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың 115 жылдық мерейтойына арналған «Ораз Жандосов – ағартушы, ғылымды ұйымдастырушы және реформатор» атты тақырыпта ғылыми конференция өтті. Алқалы жиынға елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының ректорлары, О.Жандосовтың артында қалған ұрпақтары, сондай-ақ, Алматы облысының Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарынан өкілдер қатысты.
Алаш ардақтыларының арасынан қазақ халқының қамын жеп өткен мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың алар орны ерекше. Оның артына қалдырған рухани мұрасы да ұшан-теңіз. Ораздың жарық дүниедегі ғұмыры да қамшының сабындай тым келте болып, қырық жастың қырқасына да іліге алмай кетті. Небәрі 39 жыл ғана өмір сүріп, замананың зардабын шектірген 1937 жылғы сталиндік репрессияның құрбаны болған оның ұлтының ұжданы үшін жасап кеткен жасампаздығы халқының жүрегінде қалды. Сондықтан да, оның есімі мен еңбегін елі құрметтейді.
– Ораз Жандосов мерейтойының біздің университетте аталып өтуінің ерекше мағынасы мен өзіндік сыры бар, – деді конференцияны ашып, сөз сөйлеген Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов. – Ол мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, ол білімі мол, зерделі зерттеуші ғалым. Өз заманындағы еліміздің әлеуметтік, ауылшаруашылық салаларын терең зерттей отырып, ұлттық мәселелерді шеше білген азамат ретінде тарихта қалды. Биік мақсаттарды алдына қойған қайраткер тұлға ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі үлкен экспедицияны басқарып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, ғылыми еңбектер жазды. 1930-1932 жылдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі ҚазҰАУ) директорлығы қызметін абыроймен атқарды. Осы бір қиын-қыстау кезеңде институт қабырғасынан аграрлық саланың бір шоғыр білімді мамандары түлеп ұшты. Оның ұйымдастыруымен елімізде бірнеше жоғары оқу орындары ашылды. Мәселен, Абай атындағы қазіргі Алматы мемлекеттік университеті, Ауыл шаруашылық және Зооветеринарлық институттары және орта білім беретін тағы да бірнеше мекемелер. Алматыдағы мемлекеттік кітапхана да Жандосовтың ұйытқы болуымен ел игілігіне берілген болатын.
Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, 1918 жылы небәрі 19 жасында Қазақстандағы іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе көтерген. Ал жиырма екі жасында «Верный» қаласының атауын «Алматы» етіп өзгерту бұйрығына қол қойған. О.Жандосов есімі Әліби Жангелдин, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Тұрар Рысқұлов сынды қазақтың марқасқа тұғаларымен қатар аталады.
Жиында сөз алған қоғам қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжанов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлнар Нұрымбетова, «Мысль» журналының редакторы С.Құттықадам, т.б. ғалымдар Жандосов жайлы салиқалы ойларын ортаға салды. Х.Әбжанов қатысушыларға конференция материалдарының жеке жинақ болып жарық көретінін жеткізді.
Жиналғандар алдында Қарасай ауданындағы Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 1-ші сынып оқушысы Шаймерден Әскен мен 9-шы сынып оқушысы Әлзира Манабаевалар көркемсөз оқу шеберліктерімен көпшіліктің таңдайын қақтырды. Конференциядан соң Ораз Жандосовтың аруағы мен рухына арналып ас берілді.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Мамыржан БОТАБЕКОВ.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17