Созылмалы жұқпалы емес аурулары (СЖЕА) денсаулық сақтау саласынындағы өзекті мәселе және дамыған мемлекеттердегі өлім-жітім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, темекі шегу, артериялық гипертензия, дененің артық салмағы, қант және қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы, ішімдікті шамадан тыс пайдалану, төменгі физикалық белсенділік сынды факторлар жүрек-қан тамырлары мен созылмалы жұқпалы емес аурулардың дамуына әкеп соқтырады. Сондықтан, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде СЖЕА алдын алу және өршу қаупін ескерту медицина қызметкерлерінің жұмысындағы басты бағытқа айналып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Еуропа аймағындағы барлық сырқаттылықтың 77%-ын, өлім-жітім көрсеткішінің шамамен 86%-ын СЖЕА құрайды. Әлемнің көптеген елдерінде барлық сырқаттылық пен өлім көрсеткіші ішінен аса маңызды қауіпті фактор ретінде дәл осы созылмалы жұқпалы емес аурулар айқын орын алады. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесіне салмақ салумен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуына зиянын тигізеді. Денсаулық сақтау саласында аурулардың алдын алу шараларын жүргізу мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі, ол СЖЕА азайтуда жаңа шешімдерді іздестіруге мүмкіндік береді. Дәл осындай бастаманың бір түрі – ауруды басқару бағдарламасы. Он жыл бұрын медициналық қызмет көрсету тізбегіндегі көптеген мәселелердің жауабы ретінде ұсынылған жаңа құрылымдық, жүйелік тәсіл – пациенттің өз қызметтік міндеттерін толық жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, аурудың дамуындағы қауіп-қатерді, өлім-жітім мен мүгедектікті төмендетіп, денсаулық сақтау саласының тиімділігін жоғарылатады.
Ауруды басқару (Disease Management) – медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен құрылымын нақты пациенттегі кесел түрінің дамуына сәйкес ұйымдастыратын біртұтас тұжырымдама. Аталмыш тәсілдің ерекшелігі – пациенттерге өз ауруын қадағалауына көмектесу, нақты емделушінің денсаулық жағдайы үшін медициналық ұйымдар мен пациенттің ортақ жауапкершілігін арттыруға көмектесу.
2013 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Ауруды басқару бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Денсаулық сақтау саласы үшін: қант диабеті, артериялық гипертензия және созылмалы жүрек жетіспеушілігі СЖЕА қатарындағы ең өзектілер ретінде белгіленді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қанатқақты аумақтар ретінде анықталды. Осылайша, біртіндеп жаңа облыстар бағдарламаға қосыла бастады. Ақыр соңында аталмыш бағдарламаға Қазақстанның барлық аумақтары кіреді.
Ауруды басқару бағдарламасы пациенттердің денсаулығын жақсарту, емделушілердің өзін-өзі басқаруы, тиімді дәрілік препаратты қолдануын арттыру сынды бірталай тапсырмаларды шешуге бағытталған. Нәтижесінде, аурудың асқынуы мен күшеюі, жедел медициналық көмек пен стационарға қажеттіліктің төмендеуін күтуге болады.
Аталмыш бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асуы үшін учаскелік мейірбикелер белсенді қатысуы керек. Олардың беделін, қызметтік міндеттерін көтеру, бірінші байланыстырушы дәрігерлер (учаскелік қызмет) мен мамандар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, пациенттерге арналған құралдар және тиімді білім беретін бағдарламаны тарату және өңдеу, т.б. қажет.
Ақпараттандырылған белсенді пациент пен оның дәрігермен арасындағы жақсы қарым-қатынасы бұл бағдарламада жетекші рөл атқарады. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу медициналық ұйымдармен және пациенттердің қарым-қатынасына, рөлі мен жауапкершілігіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді.
Ділләхан Бәйменова,
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бөлім басшысы.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17