АСТАНА. 9 шілде. Петропавл қаласында Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде өңіраралық бизнес-форум өтті. Бұл туралы Strategy2050.kz хабарлады.
Аталған жиынға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ақмола облысының кәсіпкерлері қатысты.
Өңірлік бизнес-форумы барысында Өңірлік даму министрлігі кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы өзгеріске ұшырамайтынын, сонымен қатар үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша субсидиялау мемлекет тарапынан 10 пайыз деңгейінде ұсынылатынын жеткізді.
Жиында өз пікірін білдірген павлодарлық Format Mach Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Александр Янбулатов: «Шара дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бізге қосымша нарықтардың басым бағыттары қызығушылық тудырады. Мысалға біздің кәсіпкерлік бұрындары темір жол құрылғыларын шығарумен айналысты. Бұл стратегиялық сала. Біздің ойымызша, мемлекеттің қатысуына кемінде 5-7 жыл қажет. Осыдан кейін ғана еркін нарық туралы сөз қозғауға болады. Содан кейін ғана нақты артықшылықтар мен пайда көріне бастайды. Және де осы орайда Ресей мен Беларусь кәсіпкерлерімен тікелей бәсекелес екенімізді бір сәтке де естен шығармауымыз қажет», – деді.
Ал жиынға қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов: «Бүгінге дейін 105-тей жобаны қолға алдық. Егер 5 жыл ішінде Индустрияландыру картасына 37 млрд теңгелік 31 жоба енгізілсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 105-ке жетіп, соның 15-і мақұлданып, нақты іске кірісті. Олардың құны жалпы есеппен 200 млрд. теңге шамасында. Біз сан жағынан бірінші бесжылдыққа қарағанда 3 есеге көбейттік. Ал сапа жағынан тіпті 6-7 еселік өсім бар», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Strategy2050.kz.
Фото: «ҚазАқпарат».
• 09 Шілде, 2014
Бизнестің Еуразиялық экономикалық одақ аясында дамуы талқыланды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22