Пікір • 26 Сәуір, 2023

Бірлікті сақтау – басты міндет

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің аналар қауымы қашанда бейбітшілікті, тұрақтылықты, әділеттілікті жақтайды. Халық Ассамблеясы аясында республика­мыздағы барлық этнос өкілдері бірлік пен тыныштықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде сақтауға атсалысып жатыр.

Бірлікті сақтау –  басты міндет

Бір шаңырақ астында, бір мақсат аясында, бір мүдде жолында тізе қосқан елдің алмайтын қамалы жоқ. Сондай сауапты жолда жұмыс істеп келе жатқан құрылымдардың бірі – Аналар кеңесі. Қазіргі күні біздің кеңесіміз қанатын кеңге жайып, облыстық әрі республикалық деңгейде ізгі істерге бастамашы болып келеді.

Жалпы, Ассамблея туралы айтар болсақ, ол еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың бетке ұстар көшбасшысына айналғаны мәлім. Себебі ҚХА жасап жатқан реформалар мен басқа жұмыстар бейбітшілікті, тыныштықты сақтауға бағытталған, ал бұл өз кезегінде еліміздегі бірлік пен келісімнің нығаюына ықпал етеді.

Жиын барысында Ассамблеяның қоғамдағы рөлін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Өз тарапымнан біріншіден, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ этномәдени орталықтар өкілдерінің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру, екіншіден, өңірлік ассамблеялар арасында медиация, волонтерлік, қайырымдылық және қоғамдық бақылау бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуді ұсынар едім.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару арқылы жаңа Қазақстанның мызғымас татулығын сақтау – ел халқына аманат!

 

Гүлсара ТӨЛЕБЕКҚЫЗЫ,

Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше