АСТАНА. 10 шілде. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша алқа мүшесі (министр) Даниал Ахметовтің төрағалығымен мұнай-газ жөніндегі консультативтік комитеттің кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Отырыс барысында Даниал Ахметов: «Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан ортақ электр энергетикалық нарық тұжырымдамасының жобасы 2015 жылдың 1 шілдесінде мүше-мемлекеттердің Президенттерінің қарауына жіберілуі керек. 2016 жылы біз бағдарламаны қабылдаймыз. Осылайша Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ электр энергетикалық нарық 2019 жылы, ал мұнай мен газдың ортақ нарығы 2025 жылы қалыптасып, жұмыс істей бастайды. Біз бұл бағдарламаларды қабылдай келе, бірыңғай энергетикалық саясатты қалыптастырамыз», – деді.
Сондай-ақ, ол 2025 жылы әріптес үш мемлекет ортақ энергетикалық нарықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін халықаралық келісімге қол қоятынын жеткізді.
Даниал Ахметов жиын барысында ортақ нарық қалыптастыруда әлемдік тәжірибелердің озық үлгісі назарға алынатынын айтты.
Д.Ахметов: «Біз бұл жерде әлемдік тиімді модельдерді қарастырдық. Әзірге бағдарлама қалыптаспаған соң дәл қандай үлгі қабылданатынын айта алмаймын. Алайда, тарих куә болғандай, Скандинавия аралы елдерінің қалыптастырған үлгісі Nord Pool бірнеше мемлекеттің энергетикалық мүмкіндіктерін шоғырландырып, электр энергиясын үнемді жұмсауға әрі ел экономикасының дамуына септігін тигізді. Сол сияқты еуропалық, америкалық модельдер бар. Менің ойымша, Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ нарық Еуропа моделі бойынша қалыптасады. Өйткені, мұнда әр елдің ұлттық мүддесі қатаң қорғалады», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: forbes.kz.
• 10 Шілде, 2014
Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ энергетикалық нарық 2019 жылы іске қосылады

Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37