Пікір • 27 Сәуір, 2023

Толеранттылық бар жерде теңдік бар

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бү­гінгі таңда бейбітшілік пен бірлік тек елімізде емес, әлемде де өзекті. Әділетті Қазақстанды құру, татулықты сақ­тау, өзара сыйластықты нығайту біздің жаңа қоғам үшін қан­шалықты маңызды екендігін әрқайсымыз жүрекпен сезі­не­міз.

Толеранттылық бар жерде теңдік бар

Күн сайын, сағат, тіпті минут сайын жедел өзгеріске түсіп жатқан жаһандану заманында, өркендеу мен ұлы өзгерістерге толы заманда біздің тұрақтылығымызға, келі­сі­мі­мізге сызатын түсіруі мүмкін дау-дамайлар, қақтығыстар болмауға тиіс.

Сыртқы қатерлерге біздің жауабымыз – этносаралық татулық, қоғам тыныштығы және толеранттылық. Сол ар­қы­лы біз бейбіт өмірді жал­ғастырамыз. Өйткені төзім­ділік бар жерде ғана өркениетті қоғам дамиды. То­ле­ранттылық гүл­ден­ген елде әрбір азамат ұлтына, тіліне, дініне қарамай өзін еркін, қауіпсіз, бақытты се­зі­неді.

Біз Шымкент қала­­сында мемлекеттік этнос­­ара­лық сая­сатты насихаттайтын ақпа­рат­­тық топтарды құр­­дық. Олардың құрамына мем­лекеттік қызметкерлер, эт­но­мәдени бір­лестіктердің төрағалары,  ұс­таздар, жас­тар өкілдері кірді. Олар халық арасында толе­­рант­ты­лықты, ұлтаралық келі­сім­ді түсіндіріп жүр. Біздің өңірде қолға алынған осынау ізгі істер еліміздің басқа да аймақтарында жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Біз еліміздің егемендігін нығайтуға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақ­тауға нақты үлесімізді қоса бере­міз.

 

Шахло НАРАЛИЕВА,

Өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы төрағасының білім және ғылым жұмыстары жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше