Аймақтар • 05 Мамыр, 2023

Жетісу облысында есірткі сатушылар тобы ұсталды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 мамырда Жетісу облысы Текелі қаласында полицейлер арнайы операция жүргізіп, өңірдегі есірткі тарату арнасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысында есірткі сатушылар тобы ұсталды

«Ұсталған адамдар есірткі заттарын тарату және сату қылмыстары бойынша айыпталып отыр. Күдіктілер қаланың әр жерінде жеке-жеке ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуді көздейтін ҚР ҚК-нің 297-бабына (1,3-б.) сәйкес жүргізілуде», деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде марихуана, гашиш және «синтетика» есірткі заттары бар.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше