Кеше Алматыда теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілдерінің көшпелі мәжілісі өз жұмысын бастады.
Көшпелі кеңесті кіріссөзбен ашқан Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі К.Абдрахманов құттықтау үшін сөзді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовқа берді. Министр өзінің кіріссөзінде көшпелі мәжіліске қатысушыларды құттықтай отырып, оның жұмысына табыс тіледі.
Көшпелі мәжілістің мақсаты Алматы бағдарламасын жүзеге асыру әрекеттерін талқылау болып табылады. 2003 жылдың 28-29 тамызында Алматыда дамушы елдер сыртқы істер министрлерінің халықаралық конферециясы өтіп, Алматы бағдарламасы қабылданған болатын. Алматы бағдарламасы – теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің «Жол картасы» сияқты талабын қамтамасыз ететін ерекше құжат. Ол транзиттік тасымал мен көліктік инфрақұрылымды дамытудағы нақты шаралардан тұрады. Сондай-ақ, бұл құжат бойынша аталған топтағы елдерге қаржылық және техникалық көмек көрсету де қарастырылған.
Қазақстан теңізге шығу мүмкіндігі жоқ ең ірі елдердің қатарына жатады. Алматы бағдарламасы қабылданғаннан кейін Қазақстан теңіз жағалауларының болмауына қарамастан, тұрақты дамудың жолына түсті. Сондықтан бұл тақырыпқа байланысты Алматыда көшпелі мәжілісті өткізу Қазақстан тарапының Вена конференциясына дайындыққа үлес қосуы, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің мүдделерін байқау болып табылады.
Көшпелі кеңеске Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары – теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Жоғары өкілі Гиан Чандра Ачария және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы З.Сағынов, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар өкілдері қатысуда.
Көшпелі мәжіліс ертең өз жұмысын жалғастырады.
Шарафаддин ӘМІРОВ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35