Қазақ салтында қайтқан адамды қара жер қойнына тапсырар сәтте әйел заты зират басына барушы ма еді? Тіпті, арғы-бергі ата-баба салтында әйел адамның мәйіт үстіне топырақ салғанын естіген, көрген жан бар ма? Өз басым осы жасқа келгенше ондайды естімегенмін. Тағдырдың жазуымен әйел заты болсам да мен бардым. Ер азаматтармен қатар тұрып, қолыма күрек алып, әкеме топырақ салдым. Өйткені, бұл ол кісінің аманаты болатын.
Әкем Кеңес Ілиясұлы Қазақстан және Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі, ақын, бірнеше жыр жинағының авторы еді. Бүркіт ұстап, саятқа шыққанды жақсы көретін. Осы жылдың 29 мамырында өмірден озды.
Әкемнің өзі айтқандай, мен жас қалған жоқпын. Өзім де үш баланың анасымын. Түскі үзіліс уақытын пайдаланып, әкем жатқан ауруханаға келгем. Дәрігермен біраз сөйлесіп, палатаға кірдім. Әкем қиналып отыр екен. «Қалайсыз?», – деген дәстүрлі сұрағымды қоя жүріп, маңдайына алақанымды бастым. Қолынан ұстадым, «Ауырып тұрмын, мені бүгіннен қалдырмай шығарып әкетіңдер», – деді. Алла аузыма салды ма қарсыласпастан дәрігерлердің түскі үзілісте екенін, келе салысымен сөйлесіп шығарып әкететінімді айттым. «Жарайды онда», – деп бір сәт дем алғандай болды. «Енді сен сыртқа бара тұр, Әбіш ағаң қалсын», – деп мені бөлмеден шығарып жіберді. Арада бір-екі минутқа жетер жетпесте ағаның «Дәрігер шақыр», – деген қатты даусы шықты, бұрыла беріп, жалт қарағаным сол еді, асыл әкем соңғы демін алып, ұлының құшағынан жастыққа құлап бара жатты. Артынан естігенім, әкем мені шығарып жіберіп: «Мен кеттім, Әбіш», – депті.
Санаулы күндері қалғанда әкемнің жақындарының әрқайсына айтқан аманаты бір төбе, ал маған айтқаны мынау еді. «Қызым, ұлдар менің балам болғанда сен де менің балам емессің бе. Сен менің қызымсың, сен де менен тараған ұрпақсың. Сонда әкеге ұлдан топырақ бұйырғанда, қыздан неге топырақ бұйырмайды. Сен мені жер қойнына тапсырғанда бір уыс топырақ сал. Жылама, егілме, маған сенің есепсіз төгілген көз жасыңнан, бір уыс топырағыңның бұйырғаны абзал», – деп еді.
Кім әкесін ажалға қисын, ол кезде құлықсыз тыңдағаныммен, көзді ашып-жұмғанша осы аманатты орындайтын күн де жетіп келер деп ойламаппын. Сөйтіп, қара-құрым жиналған ер-азаматтар ортасында қолыма күрек алып, әкеме топырақ салдым. Бұл қыз балаға жат қылық көрінер. Бірақ мен әке сөзіне адалдық таныттым. Оның дұрыс, бұрысы бір Аллаға аян деп ойлаймын.
Осыны жазудағы менің көздеген мақсатым не дейсіз ғой? Мәселе, бір күрек топырақты, өмірдің өткіншілігін өзімнен кейінгі жастарға, балаларға аңғарта отырып, әкелеріңді, аналарыңды көзі тірісінде аялаңдар деу. Мен соны толық орындай алмадым ба деп зират басына бардым. Әдетте жоқ болса да, бір күрек топырақ салдым...
Зәмеш КЕҢЕСҚЫЗЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10