Бекіре балығын өсірумен айналысатын ферма – еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасының жемісі. Мемлекеттің қолдауына сеніп-сүйенген жеке кәсіпкер Тұрсынгүл Жақыпова жеңілдетілген несие алып, түбекте тұңғыш бекіре өсіретін кәсіпорын ашуға бел буыпты. Жоба біраз пысықталып, құрылыс жұмыстары 4 жыл бойы жүрген, алдын ала мамандары оқып, тәжірибеден өткен кәсіпорында Ресейдегі және Атыраудағы бекіре зауыттарынан әкелінген 3,5 мыңдай шабақтар арнайы жасалған аквариумдарға жіберілді.
Шабақтардың ең кішісінің салмағы 5 грамды құрайды. Күніне таңғы сағат 6-дан бастап түнгі 12-ге дейін балықтардың көлеміне қарай лайықты шамада 10 рет тамақтандырылатын кәсіпорындағы күтім мен бап келіссе шабақтар енді екі жылдан кейін салмағы 3 кило болатын ірі балыққа айналады. Баптың келісіп, бүгінгі шабақтардың ертең-ақ ірі балыққа айналатындығына кәсіпорынның озық үлгідегі құралдармен жабдықталуы сендірсе, лайықты күтімнің болуына балықтарды жемдеп, баптап-өсіру жай-жапсарын іргелі кәсіпорындарға барып арнайы оқып келген мамандар жауапкершілігі үміттендіреді.
Жаңа фермада 25 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылған. Өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға жасалған алғашқы қадамға арнайы келісім-шарт негізінде ресейлік және отандық ғалымдар көмек пен кеңес беруде. «Жол картасы» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымын жүргізіп, газ бен ток тартуға, сондай-ақ жол мәселесін шешуге мемлекет тарапынан көмектер берілген. Құны 582 миллион теңге тұратын жоба қуатына енген соң, жылына 60 тоннадай балық еті мен 8 тонна қара уылдырық береді деп көзделуде.
Мамандардың айтуынша, бір килолық балықтар бір жылдан соң, ал уақ шабақтар екі жылдан кейін өнім бере бастайды. Ал, қара уылдырық 4 жылдан кейін алынады. Су жануарын қолда өсіру оңай емес, алайда іс аяқтан тұрып жатса, бекіре тұқымдас балықтың бірнеше түрін өсіру, сол арқылы өнім көлемін арттырып, отандық өнімді ішкі нарыққа шығарып қана қоймай, Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзге елдерге сату жоспарланған.
– Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үлкен шаруаларға қозғау салып, тың жобалардың тұсауын кесті. Елімізде қаншама жаңа кәсіпорындар іске қосылып, отандық өнім өндіруге өз үлестерін қосуда. Қазір еңбек етемін, өз кәсібімді жүргіземін деген талап иелеріне жол ашық. Мемлекет тарапынан жүйелі жұмыс бағдарламалары жиі ұсынылып, көмектер берілуде. Мен осы мүмкіндікті пайдаланушылардың бірімін, – дейді кәсіпорын басшысы Т.Жақыпова.
Толық қуатында жұмыс істеуге сақадай сай тұрған кәсіпорынның өнімдеріне дүкендер мен мейрамханалардан сұраныс қазірден бастап түсуде. Демек, шабақтар алып балыққа айналып, жоба алып қуатқа енетін күн алыс емес.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 14:30
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Технология • Бүгін, 14:18
Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 14:08
Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08