Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты.

Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.

Еске салайық, бүгін Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Онда ол бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.