АСТАНА. 18 шілде. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастыруымен «КӨРМЕ» көрме орталығы мен Ұлттық академиялық кітапханада өткен дөңгелек үстелдерге қатысушылар Қазақстанның мәдени саясаты Тұжырымдамасының жобасын жан-жақты талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кеңестік дәуірде қалыптасып қалған қасаң қағида бойынша мәдениет дегеніміз әр адамның бос уақытында ғана көңіл бөлетін, сондай-ақ көбіне ойын-сауық сипатындағы шаралар болды десек, ендігі уақытта ол ұлттық идеологияны қалыптастырудың басты құралына айналмақ. Келешекте мұндағы өнер мен мәдени ұйымдар экономикалық тұрғыда пайда әкелетін табыс көзі деңгейіне жетуі тиіс делінуде. Мысалы, киноиндустрия, балаларға, үлкендерге арналған мультфильмдер, цирктік өнер, концерттік және театр шығармашылығы сияқты т.б. сандаған сала қазір мемлекеттің қаржысымен ғана жан сақтап тұр. Ал әлемдік тәжірибе мысалдары мүлде басқа жағдайларға көз жеткізуде. Әсіресе, жаһандану тұсында бұл басымдықтар барынша айқындала түсуде. Бір ғана киноиндустрияның ғаламат туындыларының өзінен елдеріне қыруар табыс келтіріп отырған әлемдік деңгейдегі компаниялар қаншама. Мұндай заманауи үрдістерді музей, театр сияқты басқа да мәдени ошақтар бастан кешуде. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының дөңгелек үстелінде, «Нұр Отан» ХДП қарасты «Мирас» қоғамдық кеңесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен шығармашылық одақтары өкілдері отырыстарында талқылаудан өткен Тұжырымдама жобасы бұдан әрі қарай шығармашылық адамдарының, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңінен талқылануда. Мысалы, «Көрме» көрме залындағы дөңгелек үстелде Мәдениет министрлігінің сараптама және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары Виктор Родионов, ҚазҒЗМИ бас директорының бірінші орынбасары Андрей Хазбулатов, Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Надежда Горобец, ЮНЕСКО-ның материалдық мәдениет емес мәдени мұра мәселелері бойынша сарапшысы Алмира Наурызбаева, Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов және т. б. Тұжырымдама жобасы туралы өз пікір-ұсыныстарын ортаға сала келіп, негізінен мұндағы мәселелермен толықтай келісетіндіктерін айтты.
Қарашаш Тоқсанбай.
Дереккөз: egemen.kz
Фото: www.google.com

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40