Қоғам • 01 Маусым, 2023

«Ана жүрегі» акциясы

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балаларды қорғау күні қарсаңында №6 қалалық аурухана ұжымы ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға жәрдемдесті.

«Ана жүрегі» акциясы

«Ана жүрегі» акциясында аурухана мамандары балаларға концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көңілін ауласа, өзге дәрігерлер аналарды ме­дициналық тексеруден өткізді. Әрі акцияға осы емханаға қарайтын па­циенттер ғана емес, Астана қа­ла­сы бойынша ерекше баланы ала­­қа­нына салып отырған аналар жиыл­ған. Бұл күні келіншектер амбу­латориялық тексеруден өтсе, кейбірі лабороториялық зерттеулерге барды. Акцияға 2013 жылы небәрі 17 ана қатысса, осы жолы бір күнде 50 ана келіпті. Аурухана басшылығы акция басталғалы қолдан келгенше жәрдемдесуге ниет білдірген қайырымды жандардың көп болғанын айтты. Демеушілер әркез балаларға сый-сияпатын әкеліп тұрады екен.

– «Ана жүрегі» акциясы осымен оныншы жыл қатарынан бізде ұйымдастырылды. Бүгін де әдеттегіше аналар тексеруден өтіп жатқанда балғындар психолог, әлеуметтік қызметкерлердің бақылауында болды. Біз медициналық мекеме болған соң, біздің ең басты жұмысымыз – әрине, тұрғындардың денсаулығын бақылау. Өкінішке қарай, әдетте ерекше баланың қас-қабағына қарап отырған аналар үйінен еркін шыға алмайды. Ерекше балаға ерекше күтім керек қой. Міне, сондықтан біз осындай іс-шараны жылына екі мәрте ұйымдастырып, аналарды тексеруден өткіземіз, – дейді №6 қалалық аурухананың директоры Динара Байсеркина.

Акцияға бірінші рет келіп отырған қала тұрғыны Ботагөз Ақманова қолдан келсе, осындай іс-шаралардан қалмайтынын айтты.

– Әне-міне дегенше балам да 16 жасқа келіпті. Денсаулығына қарай бірінші топта. Ақыл-есі дамыған. Қазір сегізінші сыныпта оқиды. Ем алып, оңалтудан өтіп жатыр. Акцияға бізді бүгін мүгедектігі бар балалар бірлестігі шақырды. Біз, әрине, бір күнде толық тексеруден өтіп, кезексіз барлық сараптаманы қолға алғанымызға қуаныштымыз. Реті келсе, келер жолы да келерміз. Өйткені ерекше балаға қамқор аналардың бірінші кезекте өзі ауырмауы керек, – дейді ол.

Сонымен акцияға жиылған қауым ана мен балаға арналған іс-ша­ра­лар жиірек ұйымдастырылса, қа­лыс қал­мауға тырысатынын айтып тар­қасты.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03