Егемен Қазақстан • 04 Шілде, 2023

Журналистер саябағындағы марапат

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Журналистер сая­бағы ашылғаннан кейін сән-салтанаты келіскен алаңда іле-шала алғашқы іс-шара да өтіп үлгерді. Атап айтқанда, «Қа­зақ газеттері» ЖШС қыз­мет­керлеріне кәсіби мереке – БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында тағайындалған марапаттарды табыстау салтанаты өтті.

Журналистер саябағындағы марапат

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

«Сіздер халық пен билік арасын­­да дәнекер болып, елдің жүгін арқа­лап жүр­сіздер. Алдағы уақытта да тек жемісті еңбек етіп, ақиқаттың жаршысы бола беріңіздер», деген серік­тестіктің бас директоры Дихан Қамза­бекұлы Ақпа­рат және қоғам­дық даму министрлігі­нің «Ақпарат сала­сы­ның үздігі» төсбелгісін бас дирек­тор­дың бірінші орынбасары Владимир Курятовқа, «Egemen Qazaqstan» газе­тінің аға тілшісі Азамат Есенжолға жә­не редакция қызметкері Бақытжамал Қайып­жановаға табыс­тады.

Сонымен қатар, «Egemen Qazaq­stan» газетінің Солтүстік Қазақ­стан облысындағы меншікті тілшісі Жақ­сы­бай Самрат Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігінің «Еңбек ар­­дагері» медалімен марапатталса, бас редак­тордың орынбасары Бану Әділжанға Президенттің Алғыс хаты табыс етілді.

Бұдан бөлек, Ақпарат және қоғам­дық даму министрінің Құрмет грамотасымен Дүйсенәлі Әлімақын, Әсем Насимова, Перизат Нұрбекова, Ақпарат және қоғамдық даму ми­­нис­трінің Алғыс хатымен Бауыржан Кәрсұлтанов, Айнұр Бейбітхан марапатталды. «Egemen Qazaqstan» газе­тінің тілшісі Ескендір Зұлқарнайға Ішкі істер министрлігінің грамотасы берілді. Сонымен қатар мерекеге орай ұйым­­дастырылған спорттық жарыс­тар­да жеңім­паз және жүлдегер атанған редак­ция қызметкерлері мақ­тау қағаз­дарымен марапатталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15