Хоккей • 15 Тамыз, 2023

«Барыстың» сүреңсіз ойыны

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Қазан қаласында шайбалы хоккейден «TANECO кубогі» деп аталатын дәстүрлі жарыс аяқталды.

«Барыстың» сүреңсіз ойыны

 

Өкінішке қарай, аталған турнирде Астананың «Барысы» тым сүреңсіз өнер көрсетті. Алғашқы екі ойында олар Ярославльдің «Локомотиві» мен Челябінің «Тракторынан» ұтылды. Бұл кездесудің екеуінде де 1:2 есебі тіркелді. Соңғы бәсекені «Барыс» жергілікті клубқа қарсы өткізді. Бірінші кезеңде Станислав Галиев пен Вячеслав Войнов нысананы дәл көздеп, «Ақ Барсты» алға шығарды. Үзілістен кейін Артем Лукоянов Эдди Паскуале  қорғаған қақпаны дәл көздеді. Үшінші кезеңде қос команда екі-екі голдан соқты. Айдын иелері сапынан Кирилл Семенов пен Вадим Шипачев мергендік танытса, елордалық ойыншылар арасынан Аркадий Шестаков дубль авторы атанды – 2:5. Сөйтіп, үш кездесуде де жеңілістің кермек дәмін татқан «Барыс» Татарстандағы турнирде соңғы орында қалып қойды.

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35