Қаржы • 15 Тамыз, 2023

Доллар қымбаттап, рубль арзандады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қымбаттап, рубль арзандады

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448,9–451,7 теңге аралығында құбылып тұр.

14 тамыз кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 2,63 теңгеге қымбаттап, 448,63 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,55 теңге, Ресей рублі үшін – 4,42 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,4–4,7 теңге аралығында, Астанада 4,4-4,55 теңге аралығында сатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше