Спорт • 21 Тамыз, 2023

Батырды еске алған жарыс

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елорданың триатлон паркінде даңқты ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің 101 жылдығына орай жүгіруден жарыс өтті.

Батырды еске алған жарыс

Екі жас санатында сайысқа түс­кен ерлер мен әйелдер 10,1 және 5 шақырым қашықтыққа жүгіріп, өз­ара кім мықтыны анықтады. Ере­сек­тер арасында 10,1 шақырым қа­шық­тық бекерге таңдалып отырған жоқ.­ Ол даңқты батырдың 101 жыл­ды­ғына орайластырылып таң­далған.

Іс-шара «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және елорда әкімдігінің қол­дауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға 700-ден астам адам қа­тысты. Сайыскерлер қатарында Ақмо­ла гарнизонының, Шекара қыз­ме­тінің, Ұлттық ұланның әскери қыз­метшілері, Қарулы күштердің арда­герлері, кәсіби спортшылар мен спортсүйер қауым бар екенін айта кетейік.

Жарыс басталмас бұрын Әуе қор­­ғанысы күштерінің бас қолбас­шы­­сы, авиация генерал-майоры­ Дәу­рен Қосанов сөз сөйлеп, жа­­рыс­қа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Авиация генерал-майоры Тал­ғат Бигелдинов – кейінгі ұрпаққа үлгі болар ерен тұлға. Біздің курсанттар 22 жасында тек институтты аяқтап жатады, ал ол осы жаста Кеңес Одағының Батыры атанды. Майданда 300-ден аса көкке көтеріліп, жаудың 7 ұшағын атып түсірді. Оның өмірі – батылдықтың, табандылықтың және Отанға жан­қияр­лықпен қызмет етудің үлгісі, – деп атап өтті Д.Қосанов.

Жарыс алдында Қорғаныс ми­нистр­лігі, Қарулы күштер, Шекара қыз­меті мен Ұлттық ұлан­ның құры­лымдық бөлімшелерінің аты­нан қатысқан әскери қызмет­ші­лер жүгірді. 18-49 жас ара­лығындағы ерлер ішінен 10,1 ша­қырым қашықтыққа жүгірген Әлімжан Балтабек бірінші, Дамир Әбдірахманов екінші, Сұлтан Базарбаев үшінші орынды иеленді. Осы жас санатындағы әйелдер арасында Жанна Әлжанова үздік деп танылса, Алиса Крафт және Алена Ақымбекова үштікке ілінді.

50 жастан асқан ерлер арасында Ринат Саликжанов бірінші орын алса, Лоренс Россов екінші, Арсан Жүзенов үшінші орынды қанжығаларына байлады. 50 жас­тан асқан әйелдер арасында Соня Вэкстейн жеңімпаз атанды.

18-49 жас аралығындағы ерлер сынында 5 шақырым қашықтыққа жүгірген Дәулет Сәдуақасов мәре сызығын бірінші болып кесті. Одан кейін Архат Қалдыбек, үшінші болып Бейбіт Ахмуров мәреге жетті. Осындай санаттағы әйелдер арасында Дина Жәкенова жеңіске жетсе, екінші орынға Мәдина Берқалиева, ал үшінші орынға Лунара Бекеева табан тіреді.

Елу жастан асқан ерлер арасында Елеусіз Пардабай жеңіске жетті. Екінші орынды Сәкен Губашев, үшінші орынды Абай Тасболатов иеленді. 50-ден асқан әйелдер арасында Гүлмира Тұрлыханова жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыстың барлық қатысушы­сы­на милитари үлгісіндегі футбол­калар мен аты аңызға айналған ұш­қыш басқарған шабуылдаушы ұшақ түріндегі медальдар тапсырылды.