Ауа райы • 23 Тамыз, 2023

Ертең ауа райы қандай болады?

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең ауа райы қандай болады?

Фото: ru.wallpaper.mob.org

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін», деп хабарлады синоптиктер.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз бұршақ жауады деп болжанды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады. Оның екпіні секундына 9-14 метр, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +22+24°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 метр болатын жел соғады. Күндіз екпіні - 12 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025