Президент • 24 Тамыз, 2023

Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Фото: sputnik.kz

Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Бүгін, 11:17

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • Кеше