Қайсар ӘЛІМ – Шанхайдан.
Осының алдында ғана еліміздің Туын ЭКСПО аумағының кіреберісіндегі жалаулар желкенінен немесе Хуанпу өзенінің бойымен қатарласа жүзіп, әр мемлекеттің қастерлі нышанын отшашу астында сәнімен алып өткен кішкене қайықтардың қыр желкесінен көріп, сырт жерден өз елміздің мүйісін тапқандай шаттанғанбыз. Енді, міне, көрмеде Ұлттық күн аталып өтуіне байланысты мемлекеттік Ту салтанатты түрде ресми көтеріліп, Әнұран орындалды. Бұл шараға Қазақстан, Қытай делегациялары, бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдері, ЭКСПО ұлттық павильондарының жетекшілері, қала жұртшылығы қатысты. Өз сөзінде А.Күрішбаев Қазақстанның мұндай ірі көрмелерге 2000 жылдан бастап қатысып жүргенін, бұл үшінші бәсеке, сынақ екенін мәлімдеді. Күніне 5 мыңға жуық адам келіп, тамашалайды. Олар 1,5 мың шаршы метрге қазақстандық құрылысшылардың күшімен тұрғызылған павильонда, озық технологиялар көмегімен жалпы Қазақстан, оның ірі қалалары туралы толық мәліметтерге қанығады. Мәдениеті, салт-дәстүрі, экологиясы алақандағыдай ашылады. Еліміздің 30-дан астам шығармашылық ұжымы жарты жыл бойына келушілерге концерттік бағдарламаларын ұсынады. Одан әрі делегация басшысы қытайлықтардың осы көрмедегі Қазақстан павильонына туғызып отырған қамқорлығына ризалық білдірді. 2017 жылы ЭКСПО көрмесін Астанада өткізуге біздің ел тарапынан да алдын ала өтініш түсіріліпті. Әрине бұл ұсынысты Қытайдың қолдайтынына үміт зор. ЕҚЫҰ-ға сәтті төрағалық етіп отырған Қазақстанда 2011 жылы VІІ Қысқы Азия ойындары өткізілмекші. Бұл жағы да ескеріліп, сенімділік туғызары хақ. Министрдің айтуынша, Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен экономикалық қарым-қатынасы нығайып келеді. Биыл біраз мөлшерде астық экспортталды. Үстіміздегі жылы тауар айналымы мөлшері 10 миллиард долларға жетпек. Қазірдің өзінде бұл меженің жартысы алынды. Өз кезегінде ҚХР Коммерциялар жөніндегі министрінің көмекшісі Чоу Хонг бұл көрмеден қарышты даму үстіндегі Қазақстан туралы жан-жақты мәліметтер алуға болатынын, екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі ілгерілеп, биыл ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік, мәдени салада 14 миллиард долларға жуық өзара келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеп, Шанхай үлгісіндегі шаһар жетістіктерін сипаттады. Қос мемлекет делегациясы Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің, Өзбекстанның, т.б. елдердің ұлттық павильондарын аралап көрді. Қонақтарды Қазақстан павильонының бас комиссары А.Қазыбаев пен директоры Р.Ділмағамбетова ертіп жүрді. “ЭКСПО-2010” аймағының бірнеше нүктесінде және кешкісін ЭКСПО орталығында Қазақстандық өнер шеберлерінің концерті болды. Ұлттық күннің ұлағаты осылайша зор әсерге бөледі. Жалпы, еліміз көрмешілерінің жарқын жетістігі жөнінде түйін жарияланымды газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025