Футбол • 29 Қыркүйек, 2023

Бас жүлдеге талас қыза түсті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбі күні футболдан ел бірінші­лігінде кейінге қалдырылған 15 және 18-тур ойындары өткізілді.

Бас жүлдеге талас қыза түсті

Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында 18-турдың кейінге қалдырылған матчында тағы бір оңтүстіктің командасы «Мақтааралды» қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Ойындағы жалғыз әрі жеңіс голын матчтың 61-минутында Бобур Абдухаликов соқты. Ал шымкенттік команданы турнир кестесінде өкшелеп келе жатқан елорданың «Астанасы» да 18-турдағы кейінге шегерілген матчта Көкшетаудың «Оқжетпесін» 5:2 есебімен қапы қалдыр­ды. «Астана» сапынан Марин Томасов хет-трик жасаса, Абат Айымбетов пен Дембо Дарбо қанжығасын бір голмен майлады. Ал «Оқжетпес» клубынан Алексей Татаев пен Самат Сәрсенов мергендігімен көзге түсті.

Сондай-ақ 15-тур ойынын өткізген Петро­павлдың «Қызылжары» мен Қостанайдың «То­былы» 1:1 есебімен тең тарқасты. Ойынның бірінші таймында Ислам Чесноков «Тобылды» алға шығарса, екінші таймда Евгений Шахов өз қақпасына гол соғып алды. Ел чемпионатының 24-тур ойындары 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00