Спорт • 05 Қазан, 2023

Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарының финалына шықты

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан  ХІХ  жазғы Азия ойындарында каратеден  Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм  және спорт министрлігі Спортты дамыту  дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарының финалына шықты

Фото: qazsporttv

75 келі салмақта  додаға түскен  Нұрқанат  жартылай финалда  Малайзия елінің үміті Рагоназан Шармендранды 4:3 ұпайымен ұтты.  Ол алғашқы айналымда  Непал спортшысы Мұхаммед Аламды айқын басымдықпен тізерлеткен еді. Ширек финалда Қырғызстан елінің мақтанышы Назым Нұрлановтан басым түсті. 22 жастағы Нұрқанат жазғы Азия ойындарының дуына алғаш рет қосылып отыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025