Басылым • 19 Қазан, 2023

Балаларға – шамшырақ

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қай елдің балалары тәрбиелі, оқушы­лары зерек, жастары білім­ді, сол ел озбай қоймайтыны дәлел­деніп болған. Сондықтан д­амы­ған елдер біріншіден, балаға кө­ңіл бөледі. Киімі бүтін, тамағы тоқ деген әңгіме жүрмейді ендігі уа­қытта. Әуелгі мәселе – оқушының рухани қорегі. Сондықтан балалар әдебиетінің орнын айтып, түсіндіріп жатудың өзі артық.

Балаларға – шамшырақ

Балалар ақыны Нұрлан Қалқаның бұл кітабы  – ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Балалар­ша ойлау, олардың рухани сұра­нысын қанағаттандыру үшін, қазақ сөзіне қы­зықтыру үшін түрлі жанрларды қам­тыпты. «Атамұра» баспасынан биыл ғана шыққан «Жыл – он екі ай» жина­ғына мектепке дейінгі тәрбие жасындағы балдырғандарға немесе бастауыш сынып оқушыларына арналған өлеңдер, санамақтар, жұмбақ, жаңылтпаш, мысалдар топтастырылған. Сонымен қатар бір шоғыр толғаулар мен балладалар жоғары сынып оқушыларына арналыпты. Туған жерді сүю, көпшіл болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үйренуге үндейтін тақпақтардың тілі жеңіл, ұғынықты.

«Өз қылығың тәтті ғой,

Кәмпит құртар тісіңді.

Терең таным, сәтті ой,

Алға апарар ісіңді», –

дейді ақын.

Мұнда әр әріпке бір шумақ тақпақтан жазып, әліпбиді түгендеп шығыпты. Санамақ бірден онға дейін, әр санға – бір шумақтан. Бірінші бөлімі аты айтып тұр: «Бала­бақша – таным шамшырағы», екінші бөлім – «Мектеп – білім шаңырағы» аталады. «Жыл – он екі ай», «Жыл мезгілдері» өз алдына бөлек. «Мемлекеттік мерекелер» де ұмыт қалмапты. Үшінші бөлім – «Таным. Тағылым. Тағзым», жоғары сынып оқушы­ларына лайықталған өлеңдер.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15