Қоғам • 31 Қазан, 2023

Талаптыға – 1 миллион теңге

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысының мұғалімдері «Aqyl Battle Cup» республика­лық зияткерлік ойынында жеңім­паз атанап, 1 миллион тең­гені қанжығаға байлады.

Талаптыға – 1 миллион теңге

Aqyl Battle Cup» республика­лық зияткерлік ойыны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қол­дауымен биыл алғаш рет өткізілді. Білім бәйгесінің басты мақсаты – мемлекеттік тілді жастар арасында білім мен бірліктің негізгі белгісі ретінде насихаттау. Зияткерлік шай­қас «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін жыл сайын өткізіледі деп жоспарланған.

Астанада өткен ақыл-ой додасы­ның жеңімпаздары – Абай облысы лингвистикалық орталығының филологі Жандос Қалиақпаров, Абай ауданы орта мектебінің бастауыш сынып және математика пәнінің мұғалімдері Балауса Сайлаубекова және Айтолқын Ермекова.

– Финалда қатты толқыдық. Супер­финалдағы қарсыласымыз – жам­былдық команда екі күндік шайқаста ең үздік нәтиже көрсетті. Сондықтан бізге тапқырлық қана емес, жеделдік таныту да маңыз­ды болды. Суперфиналдың жал­ғыз сұрағы Алашорда тарихымен байланысты болғандықтан, түй­мені қарсыласымыздан бұрын бас­тық. Ең бастысы, біз – өз оқу­шы­ларымызға үлгіміз, – деді «Aqyl Battle Cup» республикалық ойы­ны­ның жеңімпаздары.

Жарысты «Болашақ Қазақ­станға» қоғамдық бірлестігі ұйым­дас­тырды. Еліміздің бар­лық өңірі­нен 14 пен 35 жас аралығын­дағы 150-ден астам азамат қатысып, 50 команда арасынан Абай облы­сының «Телқара» командасы оқ бойы озық шықты. «Телқара» ко­ман­­дасы бас жүлдеге тігілген
1 миллион теңгені еншілесе, І орын алған жамбылдық «Дара» командасы 500 мың теңгеге ие болды. Маң­ғыстау облысынан келген «West coast» командасы ІІ орынды және 300 мың теңгелік сыйлықты иелен­ді. ІІІ орын мен 200 мың теңгелік сыйлық Батыс Қазақстан облысынан келген «Europolis» командасына бұйырды. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15