Жоба • 05 Қараша, 2023

Отандық он екі стартап Кремний алқабындағы акселерациясын бастады

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Astana Hub» пен «Draper University» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қолға алған еді. Осы жоба шеңберінде халықаралық нарықта өз бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға әзір­ленген «hero Training» акселерациялық бағдар­ламасының екінші кезеңі іске қосылды.

Отандық он екі стартап Кремний алқабындағы акселерациясын бастады

«Hero Training» бағдар­ламасының екінші ке­зеңі кәсіпкерлердің үл­кен қызығушылығын ту­дыр­ған. Қазақстан, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Тә­жік­стан, Моңғолия, Әзер­байжан және Түр­кия стартаптарынан бар­лы­ғы 129 өтінім түсті. Стар­таптар скринингтік, диаг­ностикалық қатаң ірік­теуден өткен. Жобаларды диагностикалау қор­тын­дысы екі аптаға созыл­ған. «Fundamentals of Entrepreneurship» онлайн-ак­селерациясына қатысуға 80 стартап таңдалған. Ал Кремний алқабындағы «Draper University»-дегі «hero Training» офлайн аксе­лерациясына қатысу­ға тек 12-сі іріктелді: «AlgoFarm», «Prosper Pay», «Loca, Pipedata AI», «EZ FACTOR», «Hired Valley», «TrustMe», «myMind», «Oku Toku», «WhoockAI», «Oraclus», «CheckAuto».
– «Hero Training» мүше­лері «Draper University» кам­­пусында алты айға де­йін уақыт өткізеді, онда оларға баспана мен жұмыс кеңістігі беріледі. Бұл уақыт тәжірибелі технологиялық кәсіпкерлер мен «Draper University» экожүйесінің сарап­шыларының бас­шы­лығымен жұмыс істей оты­рып, стартаптарға ин­ве­стиция тартуға және америкалық нарыққа шы­ғуға бірегей мүмкіндік бе­реді. Осы жылдың мамыр айында Калифорнияға барған 15 стартаптың бі­рінші легінің түлектері оқуды сәтті аяқтап, қазір өнімді дамыту, инвести­цияларды тарту және өз жобаларын әлемдік деңгейде масштабтау бойынша бел­сенді жұмыс істеп жатыр, – деді «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев.
Естеріңізге сала кетейік, Тим Дрэйпер «Digital Bridge – 2023» форумында сөйлеген сөзінде «Astana Hub»-та мені өз энергиясымен қуатта­ған адамдармен кездестім. Бұл үлкен әлеуеті бар елге көзімді ашқан өте қызықты тәжірибе болды. Мұндағы адамдар білімді және ынталы. Шынында да, Қазақстан Орталық Азия үшін IT-хабқа айналуы мүмкін», деген еді.
«Draper University»-мен ын­тымақтастық тура­лы шарт­қа Цифрлық даму, ин­­новациялар және аэро­ға­рыш өнеркәсібі министрі Бағ­дат Мусиннің АҚШ-қа рес­ми сапары ке­зінде қол қо­йылған еді. «Draper Uni­ver­sity» – Кремний алқа­бында беделді әрі бұрыннан қалыптасқан эко­жүйе. Ал «Astana Hub» – Орталық Азиядан онымен серіктестік бағдарламаны іске қосқан алғашқы технопарк.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15