Денсаулық • 14 Қараша, 2023

Алматыда жедел жәрдем шақырған ер адам дәрігерлерді соққыға жыққан

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында жедел жәрдем дәрігерлеріне әлдебір ер адам шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда жедел жәрдем шақырған ер адам дәрігерлерді соққыға жыққан

Оларға алғашында Алматы тұрғыны көмек сұрап жүгінген.

"Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген", - деп жазды Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазіргі уақытта Алатау ауданы полиция басқармасы заңсыз әрекетке барған азаматқа қатысты процессуалдық шешім қабылдау сатысында.

"Бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр", - деп қосты жауапты ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше