Білім • 16 Қараша, 2023

Жаңа жылдан бастап шәкіртақы қанша пайызға өседі?

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылға дейін бакалавриат шәкіртақысын жыл сайын 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын жыл сайын 15 пайызға арттыру жоспары бар екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа жылдан бастап шәкіртақы қанша пайызға өседі?

Жауапты мекеме пайыздық мөлшер 2024 жылы мынадай ақша жиынтығын көрсететінін айтты:

  • бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағытта – 75 600 теңге);
  • магистратура – ​​107 061 теңге;
  • докторантура – ​​240 000 теңге.

Министрлік бұл үрдісті 2025 жылға дейін сақтаудың себебін былай түсіндірген болатын:

«Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Мақсатымыз — оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Phd-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығын орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.