Оқиға • 28 Қараша, 2023

Ақтөбеде 21 жастағы курсант қаза тапты

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбеде 21 жастағы курсант қаза тапты

Курсант облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қараша күні сағат 15:29-да жеткізілген. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Қос өкпесінің 80 пайызы зақымданған болып шықты.

«Инфекциялық-токсикалық шок болды. Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудативті плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай науқас 27 қараша күні көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. 

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да болған қайғылы жағдайды растады. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15