Хоккей • 28 Қараша, 2023

«Витязь» оңдырмады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада Нижнекамскінің «Неф-т­ехимигін» овертаймда 4:3 есе­бімен жеңіп, жергілікті көрермендердің көңілін сәл болса да серпіл­тіп тастаған «Ба­рыс» келесі турда қайта таз қал­пына түсті.

«Витязь» оңдырмады

Дүйсенбіде Подольскінің «Витязь» клубын қабылдады. Бәсеке басталған бетте Кирилл Савицкий әдемі гол соғып, айдын иелерін алға шығарғанда кәдімгідей шаттанып, ала­қанымызды ысқылап отырған едік. Бірақ бұл қуанышымыз көп ұзамай су сепкендей басылды. Одан кейін ойын қонақтардың айқын басымдығымен өтті. «Витязьдің» ойыншылары «Барыстың» қақпасын бес рет дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Иван Савчик (4-минут), Дерек Барак (11-минут), Александр Дарьин (27-минут), Скотт Уилсон (47-минут) және Александр Яремчук (48-минут). Тек кездесу аяқталар тұста Арка­дий Шестаков есеп айырмашылығын қысқартты – 2:5.

Сөйтіп, Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күллі Қазақстанның намысын қорғап жүрген жалғыз клубымыздың жағдайы күн өткен сайын нашарлап барады. Қазіргі кезде жерлестеріміз артынан санағанда екінші орында келеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Бүгін, 22:48

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Спорт • Бүгін, 19:18