Президент • 11 Желтоқсан, 2023

Президентке Көкшетау қаласының бас жоспары таныстырылды

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Көкшетау қаласының бас жоспары таныстырылды

Президентке өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан. 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған.  

Марат Ахметжановтың айтуынша, шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатыр. Жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен. Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылды және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келеді. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берді.

Кездесуде жылыту маусымының барысына да ерекше назар аударылды. Облыс әкімі барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынғанын,  Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандардың кезең-кезеңімен жаңғыртылғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Президентке Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берілді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасы таныстырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15