
«Сырымды айтпап едім. 2021 жылы коронавирустың кезінде қатты ауырдым. Ауырып о дүниеге барып келдім. Маған «қайтпайтын шығар» деді. Бірінші Алла, екінші ақ халатты абзал жандардың арқасында аман-есен қалдым. Сол кезде өмірдің де мәнін білдім. Қайран өмір-ай. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сол кішкентай өмірді бақытты қыламын десең өз қолыңда», дейді әнші.