Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023

Күн райы қолайсыздығынан Оралға қонатын ұшақтар кешігіп жатыр

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр. «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей бұл Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн райы қолайсыздығынан Оралға қонатын ұшақтар кешігіп жатыр

Фото: martebe.kz

«Астана-Орал, Алматы-Орал бағытындағы рейстер кешігіп жатыр. Сондай-ақ осы себеппен бүгін Атырау-Орал рейсі тоқтатылды. Бүгін Оралдан Шарм-эль-Шейхқа ұшақ ұшып кетті. Әуежай штаттық режимде жұмыс жасап жатыр», дейді аталған әуежайдың баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Хабарламада бұндай жағдай келесі рейстердің кешігуіне соқтыруы мүмкін екендігі айтылған.

«Осыған байланысты жолаушылар әуе компанияларының анықтамалық қызметтерінен өз рейсінің ұшу уақытын алдын ала нақтылап, сондай-ақ СМС түрінде келетін ақпаратты ескергені жөн», делінген хабарламада.

Еске салайық, әуе компаниясының кінәсінен рейс кідіртілген жағдайда жолаушыларға кешігу мерзімінің ұзақтығына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25