Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы 11 маусымда “Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері” монеталар сериясынан номиналы 500 теңге “proof” сапасымен “Бекет-Ата ғибадатханасы”, “Қазақстанның флорасы” монеталар сериясынан номиналы 500 теңге “proof” сапасымен “Жабайы көкнәр” ескерткіш күміс монеталарын, “Қазақстанның қызыл кітабы” монеталар сериясынан номиналы 500 теңге “proof” сапасымен күмістен және номиналы 50 теңге нейзильбер қоспасынан жасалған “Бұйра бірқазан” ескерткіш монеталарды айналысқа шығарады.“Бекет-Ата ғибадатханасы” ескерткіш күміс монетасының сипаттамасы:


“Жабайы көкнәр” ескерткіш күміс монетасының сипаттамасы:


“Бұйра бірқазан” ескерткіш монеталарының сипаттамасы:




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі
“Бекет-Ата ғибадатханасы” ескерткіш күміс монетасы Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен түсіндіруге ықпал етуге арналған, жеке тұлғаның рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуы туралы бейбіт ілім ретінде дінді таныстыруға себепші болатын серияны жалғастырушы бесінші монета болып табылады. Бекет-Ата ғибадатханасы жерасты мешітінің мұсылман әлемінде алатын орны ерекше. Бекет-Ата ғибадатханасы - рухани, тарихи және сәулет ескерткіші, бұл маңыздылығы жағынан Мұхамбет және Қожа Ахмет Ясауи жерленген жерлермен қатар саналатын әулие орын. Бұл жерге жыл бойы өз жан-дүниесін ашуға адамдар лек-легімен ағылып келіп жатады. Олар әңгімелесу кезінде Бекет атаның атын ауызға алғанның өзінде пәле-жаланы аластайды, ал мешітіне кіріп құран оқудың сауабы өте зор екендігін сеніммен айтады. Міне, екі жүз жыл бойына осы әулие орынға әулиенің рухына бас иіп, ауруға шипа әрі жанына жайлылық, істеріне сәттілік іздеп толассыз келіп жатқан зиярат етушілерді апаратын соқпақ жол дамыл көрген емес. “Жабайы көкнәр” ескерткіш күміс монетасы дизайнында голографиялық бейнелеу пайдаланылып отырған Қазақстанның өсімдік әлемінің сирек және жойылып бара жатқан түрлеріне арналған серияны жалғастырушы бесінші күміс монета болып табылады. Қазақстанда өсетін жабайы көкнәр Қазақстанның бүкіл аумағының оңтүстік бөлігінде шөл аймақта және таулардың төменгі белдеулерінде – Тарбағатайдан бастап Батыс Тянь-Шаньға дейінгі аралықта кездеседі. Бұл, дамуы көктемгі маусымның ауа-райы жағдайларына қатты тәуелді біржылдық өсімдік. Жауын-шашынды жылдары көкнәр жақсы өседі, оның сабақтары 70 см дейін биіктейді, гүлдеуі бір айға дейін созылады. Бұл кезде көкнәр гүл жарып, бірнеше шақырымдар ашық қызыл алқапқа айналады. Көкнәр сабақтарының түрпілі түкшелері болады, жапырақтары жеке бөліктерге бөлінген, ұштары түкшеленіп бөлшектеніп өседі. Қауыздары иілген, ұшында екі айыр түкшесі бар. Төрт гүлжапырақшасы бар, қауызында олар солғын қызғылт, тығыз орамды. Гүлі ашық қызыл, түп жағында қанық күлгін дағы бар, айқын қара жолақпен жиектелген. Ашылған гүлінің диаметрі 5 см дейін. “Бұйра бірқазан” ескерткіш күміс монетасы Қазақстанның жануарлар әлемінің сирек және жойылып бара жатқан түрлеріне арналған сериясының он бірінші күміс монетасы болып табылады. Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монета – осы серияның бесінші монетасы. Бұйра бірқазан (Pelecanus crіspus) — бірқазан тұқымдастарына жататын құс. Денесінің ұзындығы 180 см дейін, салмағы 13 кг дейін, жайылған қанаттарының ауқымы 2,5 метрге жетеді. Өзіне тән ерекшелігі – тұмсығының астында тор дорбашыққа ұқсас жарғақ тері қапшығы болады. Тұмсығының үстіңгі бөлігі осы дорбашықты қақпақ тәрізді жауып тұрады. Бұл бірқазанның айрықша белгілері басында және мойнының үстіңгі жағында айдар тәрізденген ұзын әрі бұратылған “бұйра” қауырсындарының болуы. Суда өсетін өсімдіктерге бай, баруға қолайсыз көлдерді, өзендердің сағалары мен атырауларын мекендейді. Кейде тұзды су қоймаларын және өсімдігі сирек аралдарды мекендейді. Барлық бірқазандар секілді ұсақ сулардан немесе терең сулардың беткі қабаттарынан аулап, балықпен қоректенеді. Ескерткіш монеталар “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы” шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнында дайындалған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. “Proof” сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардың бір мың данасы арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға дайындалған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, Алматы қаласында мына мекен-жай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.