Қоғам • 10 Қаңтар, 2024

Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады

Фото: ОКҚ

Ведомство мәліметінше аталған жүйеде еліміздегі су шаруашылығы нысандарының жай-жапсары туралы барлық ақпарат жинақталады.

Сондай-ақ жүйе су ресурстарының тұтынушыға дейін бөлінуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Су ресурстарын цифрландырудың өте маңыздылығын айтқан сала министрі Нұржан Нұржігітов: «Қазіргі уақытта еліміздің бірнеше облысында ирригация желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта цифрландыру элементтерін жалпы ақпараттық жүйеге интеграциялау жоспарланып жатыр», деді.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше