Қоғам • 20 Қаңтар, 2024

«Air Astana» акцияларын сатылымға шығарады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Air Astana» ақпан айында Лондон қор биржасында (LSE), АХҚО қор биржасында (AIX) акцияларын сатылымға шығарады. Ал компания акциясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE)  жақын күндері сатылымға қойылады. Бұл туралы әуекомпанияның ресми сайты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Air Astana» акцияларын сатылымға шығарады

Фото: airastana.com

«Air Astana» акцияларын қор биржаларында сатуды көп жылдар бойы жоспарлап келген. Меже биылғы жылдың ақпан айында бағынады. Бұл операция компанияның халықаралық нарықтағы беделін бекемдей түспек.

«Компанияның атынан «Эйр Астананың көпшілік қаржы нарығына шығатынын қуана растаймын. Орталық Азия мен Кавказдағы аса ірі әуе компаниясы ретінде біздің осы саладағы мәртебеміз, нарықтық позициямыз және өсім профиліміз тартымды инвестициялық мүмкіндік бола алады деп сенемін. Біз жаңа қазақстандық және халықаралық инвесторларды компания акционері ретінде қатарымызға қабылдауға дайынбыз», деді «Эйр Астана» АҚ президенті және бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Ал «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) компания акциясы таяу күндері сатылымға шығады.