Жәдігер • 25 Қаңтар, 2024

Ғұн дәуірінің мөрі

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Ресей Федерациясына қарасты Бурятия Республикасы аумағынан ғұн дәуірінде қоладан құйылып, табанына ат үстіндегі шабандоз бейнесі бәдізделген мөрлер табылды.

Ғұн дәуірінің мөрі

Бұл жаңалық ең әуелі Ресей Ғылым академиясы Материалдық мәдениет тарихы институтының сайтында жарияланды. Осындағы баспасөз мәліметіне қарағанда, жәдігер кездейсоқ жағдайда табылған. Ал мөрге қатысты зерттеу жүргізген мамандар: «Мөрдің табанына салынған жылқы мен шабандоз бейнесі сол дәуірдің әскери қолбасшысы немесе жекелеген батырға тән геральдикалық белгі болуы және мөрдегі жалын тәрізді ирек белгі оның иесінің қуат-күшін әйгілейтін таңба болуы мүмкін», десе,  тағы біреулер бұл мөр-таңба Жібек жолы бойымен жылқы жеткізумен айналысатын саудагерге тиесілі кірке (пайза), яғни құқықтық мәртебе беретін құжат дейді.

Аталған жәдігер табылған Буря­тияның оңтүстігіндегі Дурены аулының маңынан ресейлік археологтер 1979 жылы ғұн империясы элита өкілдерінің мәртебесін айқындайтын атрибуттары бар итбалық, тау ешкі, т.б. заттарды тапқан еді. Бұл жәдігерлерге ғалымдар «Ғұн империясының солтүстік шекарасы билігінде болған ақсүйектердің отбасылық белгісі болуы мүмкін» деген пәтуа берген көрінеді. Бұл пайым пен жаңадан табылған жәдігерлерге қатысты айтылған тұжырым сәйкес келіп тұр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50